
Тарих және құқық · № 05
Қазақстан тарихының таспасы
Лента времени: история Казахстана
- Пән
- Тарих және құқық
- Сынып
- 5–11 сынып
- Бөлім
- Уақыт таспасы
- Тілдер
- қазақша, орысша, екі тілде
- Басып шығару
- A3, A2, A1 — векторлық PDF
- ҚР БҒМ №70 нормативі
- 1305, 1303, 2540, 2538-жол
A3, үш бет: KZ, RU және KZ+RU. Мектептер мен мұғалімдерге тегін.
Плакатта не бар
- Тас ғасыры
- б. з. д. 1 млн – 3 мың ж.
- Қаратау тұрақтары, Ботай мәдениеті — жылқыны алғаш қолға үйрету
- Қола дәуірі
- б. з. д. 2–1 мыңжылдық
- Андронов мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті
- Ерте көшпенділер
- б. з. д. VIII ғ. – б. з. V ғ.
- сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар; Есік қорғанындағы «Алтын адам»
- Түркі дәуірі
- VI–XII ғғ.
- Түрік қағанаты (552), Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ мемлекеттері, Қарахандар
- Моңғол дәуірі
- XIII–XV ғғ.
- Отырардың құлауы (1219), Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан
- Қазақ хандығы
- 1465–1847
- Керей мен Жәнібек, Тәуке ханның «Жеті жарғысы», жоңғарларға қарсы соғыс, Абылай хан
- Ресей құрамында
- XVIII–1917
- Кіші жүздің қосылуы (1731), ұлт-азаттық көтерілістер, 1916 жылғы көтеріліс
- Алаш және кеңес дәуірі
- 1917–1991
- Алаш автономиясы, ашаршылық, қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, тың игеру, Желтоқсан (1986)
- Тәуелсіз Қазақстан
- 1991 жылдан
- Тәуелсіздік (16 желтоқсан 1991), Конституция (1995), Астана — елорда (1997)







